8 November, 15:45
15
Nordic Foods компаниясы Германияның Кёльн қаласында өткен Anuga 2023 көрмесіне қатысты.
ANUGA - бизнесті дамыту, сатып алу және азық-түлік нарығындағы инновацияларды талқылауға арналған тамаша платформаны ұсынатын жетекші халықаралық азық-түлік және сусындар көрмесі. Көрме 2023 жылдың 7-11 қазан аралығында өтті. Көрмеге 7900-дан астам қатысушы, 118 серіктес ел қатысты. Көрме барысында Nordic Foods компаниясы менеджментінің өкілдері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және өңірдің басқа да елдерінің нарықтары үшін сұрыпталымдық портфельді дамыту бойынша бірқатар сәтті келіссөздер жүргізді. Орталық және Орта Азия нарықтарында Nordic Foods компаниясымен әлеуетті ынтымақтастыққа DMK (Германия), Tine SA (Норвегия), Nordex Food (Дания) сияқты компаниялар, сондай-ақ бірқатар ірі поляк және балтық маңының экспорттаушылары қызығушылық танытты. Бұл біздің команданың бизнесті халықаралық деңгейде дамытудағы кәсібилігі мен құзыреттілігіне деген сенімінің жоғары деңгейін көрсетеді.